Плей-офф кезеңіне шыға алмады
<p style="text-align: justify;">Мадридте (Испания) бір аптаға созылған теннистен Дэвис кубогының финалдық кезеңі өз мәресіне жетті. Әлемнің үздік 18 командасы қатысқан бәсекеде отандастарымыз да бақ сынаған болатын.</p>

Нидерланд және Ұлыбритания құрамаларымен бір топта сынға түскен Қазақстан теннисшілері «Қызғалдақтар елінен» келген қарсыластарынан 2:1 есебімен басым түссе, кейіннен Энди Маррей бастаған Ұлыбритания құрамасымен өткен бәсекеде қандастарымыз 1:2 есебімен жол берді. Осылайша бір ойында жеңіп, екінші ойында жеңілген қазақстандық теннисшілер өз тобында екінші орын алғанымен, ширек финалға шыға алмады.
Дэвис кубогының ¼ бәсекесіне Аустралия, Канада, Сербия, Ресей, Ұлыбритания, Германия, Аргентина, Испания құрамалары шыққанымен, финалға тек Канада және жарыс қожайындары Испания теннисшілері жолдама алды.