Қоғам
1 мин оқу 155

Тұңғыш Президент күніне орай елорда тұрғындары мен қонақтарына тегін экскурсия жүргізіледі

<p style="text-align: justify;">30 қараша мен 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге орай қала тұрғындары мен қонақтары &laquo;Red Bus&raquo; екі қабатты экскурсиялық автобустарымен қаланы тегін аралай алады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.</p>

Тұңғыш Президент күніне орай елорда тұрғындары мен қонақтарына тегін экскурсия жүргізіледі

Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «Астана-Бәйтерек» монументінен басталады.

Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс - қазақ тілінде, екінші рейс - орыс тілінде, ауысу арқылы). 

Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.

Автобустардың қозғалыс кестесі:  

«AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты:

сағ. 10.00 (орыс тілінде);

сағ. 12.10 (қазақ тілінде); 

сағ. 14.30 (орыс тілінде);

сағ. 16.40 (қазақ тілінде);

сағ. 18.50 (орыс тілінде).

Ары қарай келесі аялдамалар болады:

«Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық Музей, «Астана Бәйтерек» монументі және«AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы.  

«Астана Бәйтерек» монументі аялдамасынан қозғалу уақыты:

сағ. 10.30 (қазақ тілінде);

сағ. 12.40 (орыс тілінде);

сағ. 15.00 (қазақ тілінде);

сағ. 17.10 (орыс тілінде);

сағ. 19.20 (қазақ тілінде).

Ары қарай келесі аялдамалар болады: «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы, «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы. «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық Музей және «Астана Бәйтерек» монументі.

Бөлісу: