Аймақтар
1 мин оқу 300

Қарағандыда «Чак-Чак Байрам» мерекесі өтті

<p style="text-align: justify;">Кеншілер астанасындағы &laquo;Достық үйінде&raquo; еліміздегі татар және башқұрт конгресі өкілдерінің ұйымдастыруымен &laquo;Чак-Чак Байрам&raquo; мерекесі өтті.</p>

Қарағандыда «Чак-Чак Байрам» мерекесі өтті

Аталған шарада қонақтар түрлі әдістермен әзірленген чак-чак өнімдерінен дәм ауыз тиді. Сондай-ақ бұл кеште татар халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық киімдері көрсетіліп, одан кейін әндер мен билерден тұрған концерттік бағдарлама ұсынылды.

«Чак-Чак Байрам» мерекесін ұйымдастырушылар мен қонақтарды Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ерлан Құсайын құттықтап, мұндай мерекелердің түрлі этностар мен діни сенімдегі адамдар арасындағы қарым-қатынастың нығаюына септігін тигізетінін  атап өтті.

– Біздің мақсатымыз – еліміздің игілігі мен өркендеуі үшін ынтымағы жарасқан бір отбасы аясында бәріміз бірігіп жаңа Қазақстанды құру ісіне өзіндік үлесімізді қосу, – деді ол.

Мереке соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Шамиль Осин кештің белсенді қонақтарына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Бөлісу: