Қоғам
1 мин оқу 400

Синтетикалық есірткі өндірген зертхана жойылды

<p style="text-align: justify;">Елордалық полиция қызметкерлері жеке секторда &laquo;жылдамдық&raquo; және &laquo;Амфетамин&raquo; деп аталатын синте&shy;тикалық есірткі жасап, оны сатуға дайындаған зертхананы анықтады.</p>

Синтетикалық есірткі өндірген зертхана жойылды

Есірткі өндірісін Екібастұз қаласының тұрғыны ұйым­дастырған.

Күдікті жалға алған тұр­ғын үй-жайды тінту кезінде син­тетикалық есірткі өндіру үшін пайдаланылатын химия­лық заттар, психотроптық заттар салынған колбалар, химиялық формулалар жа­зылған дәп­терлер, өлшеу таразылары мен газқағарлар, сондай-ақ есірт­кі дайындау кезінде қол­данған жеке хи­миялық қорғау костюмі алынды.

Сондай-ақ жедел қыз­мет­керлер сатуға дайындалған 1500-ден астам бір реттік есірткі мөлшерін алды.

Мамандар синтетикалық есірткі өндіру кезінде хи­мия­­лық реакциялардың ерек­­­шеліктеріне байланыс­ты өздігінен жану, жарылыс қау­пі бар екенін атап айтты. Бөлінетін күйдіргіш газ адам­ның денсаулығына орны толмас зиян келтіруі мүмкін.

Сондықтан зертхананы жою­ды ІІМ Төтенше жағ­дайлар комитетінің қызмет­керлері химиялық қорғау киім­дерімен жүзеге асырды.

Ұсталған азаматтың айтуынша, ол жалға берушіге өткір иісті автомобильдерге бояу жа­сайтындығымен түсін­дірген.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат қамауға алынды. «Есірт­кі заттарды, психо­троп­тық зат­тар­ды және сол тек­тес­терді өт­кізу мақсатында заңсыз да­йын­дау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жө­нел­ту немесе сату туралы» ҚР Қыл­мыстық кодексінің 297-бабының 3-бө­лігі бойын­ша сотқа дейінгі тергеу жүр­гізілуде, онда мүлкі тәр­кі­леніп, он жыл­дан он бес жыл­ға дейінгі мерзімге бас бос­­тан­дығынан айыру жазасы көзделген.

Қылмысқа қатысу­шы­лар­­ды анықтау және ұстау бо­йынша жедел-іздестіру іс-ша­ралары жүр­гізілуде.

Бөлісу:
Синтетикалық есірткі өндірген зертхана жойылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар