Спорт
1 мин оқу 272

«Төрттік финалға» шыға алмады

<p style="text-align: justify;">Өткен аптада футзалдан УЕФА Чем&shy;&shy;пиондар лигасының Элиталық ке&shy;зеңінің топтық ойындары аяқталды. &laquo;С&raquo; тобындағы бәсекелер Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында, ал &laquo;В&raquo; тобындағы бәсекелер Ресейдің Түмен қаласында өтті.</p>

«Төрттік финалға» шыға алмады

«В» тобында  сынға түскен Алматының «Қайрат» клубы алғашқы турда Испанияның «Мурсия Эль-Посо» командасына 1:4 есе­бімен жол берді. Екінші турда Италияның «Песаро» клубымен кездесіп, 5:3 есебімен басым түсті. Шешуші турда «Қайрат» Пор­тугалияның «Бенфикасын» 3:2 есебімен жеңіп тұрып, соңғы минуттарда қақпасына үш гол өткізіп алды. Қорытынды есеп –  3:5. Осылайша, «Қайрат» төртінші орынды қа­нағат тұтып, «Төрттік финалдан» тыс қалды.

Сондай-ақ «В» тобында бақ сынаған Рудныйдың «Аят» клубы Ресейдің Тюмень қаласында өткен үш ойында да жеңіліске ұшырап, турнир кестесінің соңғы орнында қалып қойды. Бірінші ойында жергілікті «Тюмен» клубынан 0:3, Португалияның «Спортингінен» 2:5 және Хорватияның «Ново Вриеме» клубынан 2:3 есебімен же­ңіліп қалды.

Бөлісу:
«Төрттік финалға» шыға алмады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар