Парламент
1 мин оқу 730

«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы қаралуда

<p style="text-align: justify;">Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Нұр-Сұлтан қаласының ұстаздар қауымымен кездесті. Онда бүгінде Мәжіліс депутаттары жұмысқа алған &laquo;Педагог мәртебесі туралы&raquo; заң жобасы әңгіме өзегіне айналды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.</p>

«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы қаралуда

Елордалық мектепте өткен кездесуге ұстаздар қауымы, аталған заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелері, құзырлы министрліктің өкілдері қатысты. Мәжіліс Төрағасы өз сөзінде:

– Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мұға­лімдер мен оқушылар жүктемесін қысқарту, өз міндеттемелеріне кір­мейтін жұмыстан босату туралы басқа да тапсырмалары бар. Бірнеше айдан бері заң жо­басы Мәжілістің барлық коми­тет­терінде тиянақты әрі жан-жақты қаралуда, – деді.

Мәжіліс Спикері атап өткен­дей, бүгінге дейін жұмыс тобы­ның 21 отырысы өтіп, 100-ден ас­там түзетулер қаралған. Деген­мен, заң жобасын бүге-шігесіне дейін тыңғылықты әзірлеу үшін Пар­ламент өкілдері осы кездесуді ұйымдастырып отыр.

Кездесу барысында Мәжі­ліс Төрағасы ұстаздардың міндет­темелеріне кірмейтін жұмыс­тарды орындауға мәжбүрлеуден қорғау, негізсіз тексерулерге тыйым салу сынды мәселелерге баса назар аударды.

Сондай-ақ мұғалімдердің атақ-абыройын қорғауға да көңіл бөлінді. Мәжіліс Спикері норма­тивтік оқу жүктемесіне тоқта­лып, мұ­ға­лімдер жүктемесін қыс­қар­туды қараған кезде, оқу­шы­лардың да апталық жүктемесін азайтуды ойлану қажеттілігіне тоқталды.

Өз кезегінде ұстаздар қауымы заң жобасының маңызды нор­маларын талқылауға зор қызы­ғу­шылық танытты.

Кездесу соңында Н. Нығма­тулин аталған заң жобасының барлық талаптарға сай, сапалы болуы үшін ұстаздар тарапынан айтылған барлық ұсыныс-пікірлер жан-жақты талданып, барынша ескерілетінін атап өтті.

Педагогтар маңыздылығын ескере отырып, ұйымдастырылған кездесу үшін өз ризашылықтарын білдірді.

Бөлісу: