Руханият
1 мин оқу 362

Қарымды қаламгермен кездесті

<p style="text-align: justify;">С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың &laquo;Коворкинг&raquo; орталығында Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі &laquo;Тіл-Қазына&raquo; ұлттық орталығының бас директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лау&shy;реаты, &laquo;Парасат&raquo; орденінің иегері, көптеген прозалық кітаптың авторы, жазушы Әлібек Асқаровпен кездесу өтті.</p>

Қарымды қаламгермен кездесті

Ақтөбе облысы тілдерді да­мыту басқармасының Тіл­дер­ді оқыту орталығында «Мем­ле­кеттік тіл­ді меңгерудің үздік тәжіри­бе­лері» тақырыбында республикалық семинар-тренинг өткізген жазушы бос уақытын пайдаланып, кітапхана оқырмандарымен кездесті. Кітапха­на­ға арнайы ат басын тіреп келуінің өз себебі бар. 2012 жылдары Аста­на­дағы Ұлттық академиялық кітапхана, Алматыдағы Ұлттық кітапхананың бас директоры қызметін атқарды. Жүрегіне жақын кітапхананың тыныс-тірлігімен танысып, соңғы жылдары жазылған кітаптарын кітапхананың кітап қорына сыйға берді. Кітапты жазар алдындағы зерттеулері мен жол шеккен сапары жайлы әңгімелері оқырман қауымды өзімен бірге алып жүр­гендей әсерде қалдырды. Қалам­гер­дің үзеңгілес достары ақын Ме­йірхан Ақдәулетов, Ертай Ашық­баев жазушының әдебиет­ке қосқан қомақты үлесі жайлы ай­тып, кештің көркін аша түсті.

Шара барысында абонементтік қамтамасыз ету бөлімшесі «Өр Алтай, мен қайтейін биігінді...» атты кітап көрмесін оқырмандар назарына ұсынды.

Жазушының кітабын оқы­ға­нмен өзін алғаш көрген оқыр­ман­дар қол­таң­ба алып қалуға асықты. Кез­­десуге көңілі толған ағамыз кітап­хана ұжымына алғысын біл­дір­ді.

Талғат ТІЛЕУЛЕСОВ

Бөлісу: