Қысқы спорт
1 мин оқу 131

Әлем кубогына мықтылар барады

<p style="text-align: justify;">Алдағы күндері қысқы спорт түрлері бо&shy;йынша өтетін екі бірдей дүбірлі додада Қа&shy;зақстанның ұлттық командасы қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды.</p>

Әлем кубогына мықтылар барады

29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Жапонияның Нагое қаласында шорт-трек­тен Әлем кубогының үшінші кезеңдік сайы­сының шымылдығы түріледі. Осы жа­рысқа Қазақстан құрамасының бас бап­кері Мәдіғали Қарсыбеков өзінің ең үздік шә­кірттерін апаруды құп көріп отыр. Олар – Абзал Әжғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов, Ольга Тихонова және Алена Волковицкая.

Ал ертең Швецияның Эстерсунд шаһа­рында биатлоннан Әлем кубогының биыл­ғы мау­сымдағы кезеңдік жарысының тұ­сауы кесіледі. Скандинавия түбегінде Гали­на Вишневская, Елизавета Бельченко, Анастасия Кондратьева, Людмила Ахатова, Роман Еремин, Владислав Витенко, Антон Пантов және Максим Браун сынды спортшылар ел намысын қорғайды. Бұл бәсекелер 8 желтоқсанда өз мәресіне жетеді.

Бөлісу: