Аймақтар
1 мин оқу 334

Ақтауда өрт қауіпсіздігі бойынша үгіт жұмыстары жүргізілді

<p style="text-align: justify;">Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жаңаөзен қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және олардың балалары, сонымен қатар &laquo;Жас Отан&raquo; жастар қанатының ерікті құрамдарымен бірлесе, Жаңаөзен қаласының бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып ауқымды түрде қоғамдық орындар мен халық көп шоғырланатын орындарда, яғни &laquo;Зиба&raquo; ойын-сауық орталығында халыққа жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Ақтауда өрт қауіпсіздігі бойынша үгіт жұмыстары жүргізілді

Шара барысында қызметкерлер және қызметкерлердің балаларымен, ерікті құрам жастары сауда орталын аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін, төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарын жіте түсіндіріп, жадынамалар таратты.

Сонымен қатар баспа БАҚ-та ақпараттық жұмыстар, жергілікті теледидар мен радиода қойылымдар, теледидарлық бағдарламалар, бейнероликтер, тақырыптық дәрістер, әңгімелер, консультациялар, брифингтер, конференциялар, білім беру және медициналық мекемелерде, мұнай-газ компаниялары кәсіпорындарында және олардың мердігерлерінде, нысандарында, әлеуметтік қорғау объектілерінде, сондай-ақ елді мекендерде ақпараттық жұмыстар жүргізіледі.

Маңғыстау облысы

Бөлісу: