Хоккей
1 мин оқу 122

Овертаймда басым түсті

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) сынға түсіп жатқан елорданың &laquo;Барыс&raquo; клубы Магнитогорскіде жергілікті &laquo;Металлург&raquo; командасымен ойнады.</p>

Овертаймда басым түсті

Кездесудің алғашқы шайбасын ойынның жетінші минутында мұзайдын иелерінен Сергей Мозякин соқты. Мозякинді хоккей жанкүйерлері Олимпиада және Әлем чемпио­ны ретінде жақсы таниды. Матчтың бірінші кезеңі 1:0 есебімен аяқталды. Үзілістен кейін «Барыс» сапынан Павел Акользин таразы басын теңестірді. Үшінші кезеңде есеп өзгерген жоқ. Ал қосымша уақытта Линус Виделль нысананы дәл көздеп, командасына жеңіс сыйлады. Есеп – 1:2.

Бұл жеңісінен кейін «Барыс» «Шығыс» конференциясында 38 ұпаймен 5-орында келеді. Жерлес­те­ріміз келесі кездесуін бүгін Ека­теринбургте «Автомобилист» клубына қарсы өткізеді.

Бөлісу: