Спорт
1 мин оқу 222

Каратэшілер Мадридте күш сынасады

<p style="text-align: justify;">Бүгін Испанияның астанасында каратэден &laquo;Премьер Лига-Мадрид Опен 2019&raquo; деп аталатын халықаралық турнир басталады.</p>

Каратэшілер Мадридте күш сынасады

Биылғы маусымның ең соңғы лицензиялық жарысына 89 мемлекеттен келген 737 спортшы қатысады. Солардың қатарында Қазақстанның да каратэшілері бар. Біздің ұлттық командамыздың сапында мына спортшылар өнер көрсетеді:

Ерлер кумитесі: 60 кило – Қайсар Алпысбай, Дархан Асаділов, Еркінбек Байтөреев, Дидар Әмірәлі; 67 кило – Асылбек Мұратов, Мұса Бексұлтан; 75 кило – Ермек Айназаров; 84 кило – Игорь Чихмарев, Данияр Юлдашев.

Әйелдер кумитесі: 50 кило – Мөлдір Жаңбырбай; 55 кило – Әсел Серікова, Аружан Мұхтар, Гүлмира Үсенова, Сабина Захарова; 68 кило – Александра Будкина, Гүзалия Гафурова; +68 кило – Софья Берульцева.  

Сонымен қатар ерлер катасында қандасымыз Мәди Катешов өнер көрсетеді.

Бөлісу: