Аймақтар
1 мин оқу 705

«Мұқағали тілі сөздігі» деген іргелі кітап жол тартты

<p>Оқырман қауымға &laquo;Мұқағали тілі сөздігі&raquo; деген іргелі кітап жол тартты.</p> <p>&nbsp;</p>

«Мұқағали тілі сөздігі» деген іргелі кітап жол тартты

Қазақтың аса көрнекті ақыны, поэзия падишасы, ғасыр құрдасы саналатын Мұқағали Мақатаевтың поэзиясы, оның шығармашылығының поэтикалық-лингвистикалық ерекшелігі, тілінің лексикалық байлығы кешенді даярлаған аса зор еңбек.

Ұзақ уақыт бойы әзірленген бұл еңбекті үлкен лингвист-ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Байынқол Қалиев, мемлекет қайраткері, ф.ғ.д., профессор Жансейіт Түймебаев, ф.ғ.д., профессор, ҰҒА корреспондент-мүшесі Шерубай Құрманбайұлы және ф.ғ.д., профессор Сәбира Исақовалар ыждағаттылықпен дайындаған. Сөздікті даярлау барысында ақынның 5 томдық шығармалар жинағы  басшылыққа алынған. Ақын тілінің сөздігінде 13 348 сөз, 5 035 тұрақты сөз тіркесі, 282 мың сөз жиілігі бар екен.

Кітаптың таныстырылымына қатысқан ғылыми әлеумет бұл еңбекті ұлт руханиятына қосылған олжа, қазақ тіл білімі үшін орасан зор жетістік деп бағалады.

6

Бөлісу:
«Мұқағали тілі сөздігі» деген іргелі кітап жол тартты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар