Қоғам
2 мин оқу 326

«Road Show»: ipo емес, дегенмен, бұл да инвесторлар үшін

<p style="text-align: justify;">Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап Білім және ғылым министрлігінің &laquo;Қаржы орталығы&raquo; АҚ өз өнімдерін ақпараттық ілгерілету аясында &laquo;Road Show&raquo; форматын пайдалана бастады. Айта кету керек, шетелде бұл тәсіл компания акцияларын бастапқы жария орналастыру (IPO) кезінде инвестициялар тарту үшін қолданылады.</p>

«Road Show»: ipo емес, дегенмен, бұл да инвесторлар үшін

Студенттік жатақханалар құры­лы­сының жаңа тетігі іске қосыл­ған сәттен бастап жеке инвестор­лар­мен өзара іс-қимыл жасау міндеті жаңа ауқымға ие болды. Мемлекет студент­тік жатақханаларда жаңа төсек-орын енгізу бойынша жоба­ларға кәсіп­керлердің әлеуетін кеңі­нен тартуға ниетті.

Алдағы уақытта студенттерге ар­налған уақытша тұрғын үй нары­ғында ЖОО-мен қатар жеке сектор ретінде жаңа қатысушылар пайда бола­­ды деп күтілуде. Осыған сәйкес мем­­­лекет инвестор шығыстарының негіз­гі бөлігін өтеуді өзіне алуға және бұл ретте жатақхананы оның ме­н­шігінде қалдыруға дайын,  бұл осы бол­жамдарға арналған ынталандыру шара­ларының негізі болып табылады. Ынтымақтастықтың жалғыз шар­ты – енгізілетін нысанның ны­са­н­алы мақсатын өзгертуге шек­теу қа­былдау. Қарапайым сөзбен айт­қанда, нақты әлеуметтік жағ­дай­д­ы қамтамасыз етуде 20 жыл ішінде ен­гізілген жатақхана студент жас­тар­­дың қажеттілігін жабу үшін жұмыс істеуі тиіс.

Қаржы орталығы аймақ кәсіпкер­лерін осы тетіктің мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру мақсатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Даму» кәсіп­керлікті дамыту қорының қолдауы­мен өңірлерде «Road Show» акциясын өткізді. Форматтың басты ерекшелігі –  нақты инвестордың мүдделері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жобаларға қатысу үшін атаулы кеңес беру.

Іс-шарамен Шымкент, Түркістан, Тараз, Ақтөбе, Орал, Қостанай және Павлодар қалалары қамтылды. Осы өңірлердің әрқайсысында БАҚ, оқу орындары, құрылыс компаниялары мен коммерциялық құрылымдар өкілдерінің қатысуымен іс-шаралар ұйымдастырылды.

Жалпы, акция қорытындысы бойын­ша 6 жеке кәсіпкер және 1 жеке ЖОО-мен келісімшартқа қол қо­­йылды. Қол жеткізілген келісім­дер аясында 2021 жылдың соңына дейін студенттер үшін 2 мың жаңа төсек-орын енгізу жоспарлануда.

Қаржы орталығының өнімдерін «Road Show» форматында ақпа­раттық ілгерілету жөніндегі жұмыс келесі жылы жалғасатын болады. Кесте және өткізу орындары туралы ақпарат тетіктің – studdom.kz промо-сайтында немесе 8 800 080 28 28 телефоны арқылы (қоңырау шалу тегін) қолжетімді болады.

«Қаржы орталығы» АҚ

«Әлеуметтік инвестициялардың жаңа форматы» БАҚ үшін брифинг, Тараз қаласы

1

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында кәсіпкерлермен кездесу, Орал қаласы

2

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өңірлік филиалы алаңында коммерциялық банк өкілдерімен кездесу, Ақтөбе қаласы

3

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында кәсіпкерлер және оқу орындарымен кездесу,

Қостанай қаласы

6

«Ертіс» телеарнасында студенттік жатақханалар салу мәселе­леріне арналған телебағдарламаға қатысу, Павлодар қаласы

8

Бөлісу:
«Road Show»: ipo емес, дегенмен, бұл да инвесторлар үшін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар