Футбол
1 мин оқу 130

УЕФА рейтингінде жоғарылады

<p style="text-align: justify;">Еуропа лигасында топтық кезеңнің бесінші турындағы матчта елорданың &laquo;Астанасы&raquo; &laquo;Манчестер Юнайтед&raquo; клубын жеңгеннен кейін Қазақстан УЕФА клубтар коэффициенті рейтингінде 24-орынға көтерілді.</p>

УЕФА рейтингінде жоғарылады

УЕФА коэффициенттерінің кестесі бо­йынша, Испания – 93.426 ұпаймен рей­тингтің көшін бастап тұр. Екінші орынды 82.033 ұпаймен Англия иеленсе, үздік үш­тікті 65.355 ұпаймен Германия түйіндеді. Ал Қазақстан 25-тен 24-орынға жоғарылады. Қоржынында 19.375 ұпай бар. Қазақстаннан кейінгі орындарға Беларусь – 18.875 (25-орын), Әзербайжан – 18.500 (26), Болгария – 17.125-27) орналасты.

2019-2020 жылғы Еуромаусымнан бастап қауымдастыққа мүше барлық клубтардың соңғы бес жылдағы нәтижелері есепке алынады. Яғни, 2014-2015 жылғы маусымда жина­ған ұпайлар есепке кірмейді.

Бөлісу:
УЕФА рейтингінде жоғарылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар