Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 220
Аргентиналық «Цунамимен» айқасады
<p style="text-align: justify;">Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық жас талантты боксшы Садриддин Ахмедов 7 желтоқсанда кезекті жекпе-жегін Давид Лемье (40-4, 34КО) мен Макс Бурсак (35-5-2, 16КО) айқасының андеркартында өткізеді.</p>

Канаданың Монреаль қаласында өтетін бокс кешінде ол «Цунами» лақап атымен танымал аргентиналық Хосе Антонио Вильялобоспен (12-5-2, 7КО) жұдырықтасады. WBC нұсқасы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы бүгінге дейін он жекпе-жек өткізіп, тоғыз кездесуін мерзімінен бұрын аяқтаған болатын.
Еске сала кетсек, Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы оныншы жекпе-жегін қазан айының соңында өткізіп, 31 жастағы мексикалық Джонни Наварретені (33-15-2, 15КО) техникалық нокаутпен жеңген еді.
Бөлісу: