Хоккей
1 мин оқу 211

ҚХЛ үздіктері қатарына енді

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) үздік ойыншыларды анықтау жөніндегі комиссиясы турнирдің 12-ші аптасындағы лауреаттарды атады.</p>

ҚХЛ үздіктері қатарына енді

Үздік қақпашы атағы «Барыс» қақ­пашысы Эдвард Паскуалеге бұйырды. Ол командамен бірге соңғы үш ойында жеңіске жетіп, 96,67 пайыз қақпаға дәл бағытталған соққыны қайтарған. Сондай-ақ үздік қорғаушы аталымында «Барыстың» тағы бір хоккейшісі Атте Охтамаа топ жарды. Ол соңғы үш ойын­да қақпаға жалпы есебі 12 соққы жасаған.

Қазіргі таңда «Барыс» клубы ҚХЛ-дің «Шығыс» конференциясында 42 ұпаймен төртінші орында тұр.

Бөлісу:
ҚХЛ үздіктері қатарына енді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар