Спорт
1 мин оқу 215
Головкин мен Роналду кездесті
<p>Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен футбол жұлдызы Криштиану Роналду кездесті.</p>

Бүгін таңда қос спортшы бірге түскен фотоларын әлеуметтік желіге салып, Туриндегі (Италия) DAZN стримингтік платформасының түсірілімінде жолыққанын жариялады. «Криштиану Роналду досыммен Туриндегі тамаша күн. DAZN-ның жаңа жобасында» деп жазады Головкин.
Португалиялық футболшы Головкинге «Ювентус» клубының жейдесін, ал GGG өз кезегінде бокс қолғабын сыйға тартты.
Бөлісу: