Президент
1 мин оқу 300
Мемлекет басшысы ресми сапармен Германияға барды (видео)
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен келді деп хабарлады Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли <a href="https://www.facebook.com/profile.php?id=100003403233694">facebook парақшасында</a>. </p>

Бүгін Қазақстан Президенті Канцлер Ангела Меркельмен келіссөздер өткізеді. Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және ГФР-дің белгілі саясаткерлерімен кездеседі.
Мемлекет басшысы 6 желтоқсан күні Берлин Еуразиялық Клубының 28-отырысына қатысып, сөз сөйлейді. Сондай-ақ бірқатар неміс компаниясының басшыларымен кездесу өткізеді.
Бөлісу: