Президент
2 мин оқу 225

Қазақстан Президенті мен Германия Канцлері БАҚ өкілдері үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Президенті Германия Канцлеріне қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, Меркель ханымның екі ел арасындағы достық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.&nbsp;</p>

Қазақстан Президенті мен Германия Канцлері БАҚ өкілдері үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді

Мемлекет басшысы алдағы уақытта Қазақстан өзінің сыртқы саясатындағы сабақтастықты сақтап, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларын жалғастыра беретінін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретінде Еуропа одағы бойынша алғашқы ресми сапарын Германиядан бастағанын айтып, Қазақстан үшін осы елмен ынтымақтастықты нығайтудың маңызы зор екеніне тоқталды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы бұл сапардың басты мақсаты екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық пен саяси ықпалдастыққа жаңа серпін беру екенін жеткізді.

– Германия экономикалық әлеуеті жағынан әлемдегі төртінші мемлекет болғанымен, бізге тікелей инвестиция салып отырған елдердің ішінде 12-орында. Қазақстан әртүрлі саладағы 700-ден астам жобаны жекешелендіретін болады. Бұл неміс инвесторлары мен компанияларына жақсы мүмкіндік туғызады деп санаймын. Неғұрлым инвестиция көп тартылса, соғұрлым екі ел үшін де тиімді болмақ, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Германия инвесторлары үшін арнайы жеңілдіктер ұсынып отырғанын, бұл екі тарапқа да өте тиімді болатынын айтты.

Баспасөз мәслихаты барысында журналистер Германияға экспортталатын тауар көлемінің соңғы 8 айда 21,4%, яғни 2,258 миллиард еуроға төмендеп кеткенін, сарапшылар мұның себебін мұнай нарығындағы жағдаймен байланыстырып отырғанын сұрады.

– Расында, мұндай үрдіс бар. Бүгінгі сапарымның басты мақсаты – осы жағдайды мейлінше өзгерту. Сондықтан келіссөздер барысында Канцлер ханымға бірнеше нақты ұсыныстарымды жеткіздім, – деп жауап берді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысына дуальді білім беру саласына қатысты екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективасына байланысты да сұрақ қойылды.

– Дуальді білім беру жүйесінде неміс тәжірибесін қолданып келеміз. Алдағы уақытта білім беру саласында ынтымақтастықты жалғастыра береміз, – деді Президент.

Германия Федеративтік Республикасының Канцлері Ангела Меркель Қазақстанмен арада берік ынтымақтастықтың орнағанын, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен өзара түсіністікте жұмыс істегенін атап өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың екі ел арасындағы ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді, сондай-ақ бүгінгі келіссөздердің нәтижелі өткенін айтты.

Бөлісу:
Қазақстан Президенті мен Германия Канцлері БАҚ өкілдері үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар