Қоғам
2 мин оқу 270

Қолдау жұмыстары жалғасады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Egemen Qazaqstan&raquo; газетінің шолушысы Жақсыбай Самраттың 29 қарашада басылым сайтында &laquo;Президентіміз қуантты, министріміз мұңайтты&raquo; деген тақырыппен жарияланған (газеттің 4 желтоқсан күнгі №234 саны, &laquo;Еңбекақыны көтеру ескерілсе&raquo;) мақаласына Мәдениет және спорт министрлігі назар аударды. Мақалада кел&shy;тірілген С.Мұқанов атындағы Петропавл қазақ сазды-драма театрының режиссері Болат Шамбетовтің пікіріне министр Ақтоты Райымқұлованың кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев жауап жазды. Газет поштасына келіп түскен бұл хаттың мазмұнын оқырман назарына ұсынып отырмыз.</p>

Қолдау жұмыстары жалғасады

Құрметті Болат Шамбетов мырза! Сіздің «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көр­ген «Президентіміз қуантты, ми­нистріміз мұңайтты» атты мақаладағы пікіріңізбен Мә­дениет және спорт министр­лігі толық танысып шықты. Жал­пы алғанда, жалақы төңірегінде айтылған пікіріңіз орынды.

Мәдениет және спорт ми­нистрі Ақтоты Райымқұлова кадр тапшылығын болдырмау үшін сала қызметкерлерінің ең­бек­ақысын көтеру мәселесін ұда­йы көтеріп келеді. Сондай-ақ еңбекақы мөлшерінің төмендігі мамандарымыздың баспана алуы­­на да кедергі болып келгені ж­асырын емес. Осы себептер­мен кітапхана мен музей, теа­тр­ саласының тәжірибелі қыз­мет­­керлері еңбекақысы жоғары жұ­мысқа кетуге мәжбүр болып,­ кадр тапшылығы туындады. Мәдениет саласында орын ал­­ған осы түйткілді мәселені ми­нистр­дің өзі ұдайы назарда ұстап, тиісті орындарда оның оң шешілуіне ықпал етуі арқасында іс алға басты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйекте «Сындарлы қо­ғамдық диалог – Қазақстанның тұрақ­тылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуді тапсырғаны белгілі. Бұл қоғам тарапынан да еліміздің руханиятына деген ерекше қол­дау ретінде зор қуанышпен қабылданды. Еңбекақыны кө­теру бойынша тиісті заң­на­­­малық және құжаттық да­йын­дықтар мен ұсынымдар ми­нистр А.Райымқұлованың қадағалауымен бірден қолға алынды.

Ең алдымен «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Үкіметтің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысына қатысты өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы ұсыныстар жасалды.

Осы ұсынысқа жергілікті атқарушы орган, яғни әр облыс әкімдіктерінен жа­лақыны көтеру бойынша ми­нистр­лікке арнайы жоспар ұсынуды да сұратқан болатын. Нәтижесінде республикалық мәдени ұйым­дардың қызмет­керлеріне лауа­зымдық жалақы­ның 50% мөл­шерінде, ал ком­муналдық (аймақтық) ұйым­дардың қыз­мет­керлеріне ла­уа­зымдық жалақының 35% мөлшерінде қосымша тө­лем­дер белгілеу арқылы ең­бек­ақыны көтеретін болды. Не­гізі министрлік мәде­ниет және өнер ұйымдары қыз­мет­кер­­­лерінің жалақысын бұдан да жоғары көтеру мәселесін қоз­ғаған еді. Алайда бұл ұсы­ны­сымыз басқа мемлекеттік ор­гандардан қолдау таппа­ды. Мәдениет және спорт ми­нистр­лігі немесе министр жалақыны көтеру мөлшерін жеке-дара ше­ше алмайды. Осы тұс­та рес­­публиканың бюджетін рет­тейтін органдардың келісімі жалақы мәселесінде маңызды екенін естеріңізге саламын. Осы­­мен тоқтап қалмай, министр алдағы уақытта да мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбек­ақысын көтеруде табандылық танытатынын жеткізгім келеді.

Аймақтағы өнер ұжым­дары­ның шығармашылық табысы, ел руханиятының өсіп-өркендеуіне қосып жатқан үлесі мен еңбегі әрдайым Мәдениет және спорт министрлігінің назарынан тыс қалмайды. Министрлік өнер ұжымдары мен нағыз талант иелерін қолдау бағытындағы жұмыстарды әлі де жалғастыра береді.

Бөлісу:
Қолдау жұмыстары жалғасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар