Мәслихаттар депутаттарымен кездесу өтті
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылуының 25 жылдығына арналған республикалық конференция аясында 2019 жылдың 5 желтоқсанында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде мәслихаттар депутаттарымен салалық кездесу өтті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің <a href="http://miid.gov.kz/kk/news/iidm-de-mslihattar-deputattarymen-kezdesu-otti">баспасөз қызметі</a> хабарлады.</p>

Министрлік басшылығымен кездесуге еліміздің 15 аймағынан 37 депутат қатысты.
Министрліктің жауапты хатшысы Мереке Пішембаев өз сөзінде конференцияға қатысушыларды Қазақстан Республикасы мәслихаттары құрылуының 25 жылдығымен құттықтап, жемісті жұмыс тіледі.
Сондай-ақ отырыс барысында депутаттардың ауыл тұрғындарын тұрғын үймен, ауыз сумен қамтамасыз ету, «Алматы-Өскемен» теміржолы мен «Шалқар-Бейнеу» автожолы арқылы автомобиль көпірінің құрылысы, сондай-ақ Ақтөбе қаласының әуежайына «Ашық аспан» мәртебесін беру және Арыс қаласындағы оқ-дәрілерді шығаратын кәсіпорынды жою туралы сұрақтарына түсіндірулер берілді.
Отырыстың қорытындысы бойынша министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына өңірлердегі проблемалық мәселелерді жедел шешу бойынша тапсырмалар берілді.