Қазақстан
1 мин оқу 500

Елорда әкімі прокурорларды кәсіби мерекесімен құттықтады

<p style="text-align: justify;">Елорда әкімі Алтай Көлгінов прокуратура ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Ерекше көзге түскен қызметкерлерге төсбелгілер, медальдар мен грамоталар табыс етілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Елорда әкімі прокурорларды кәсіби мерекесімен құттықтады

- Ел тұрақтылығы мен оның заңдарының қатаң сақталуына қадағалау органы қызметкерлерінің қосқан үлесі зор. Қаламыздағы қоғамдық қатынастардың қалыпты болуы жолында осы салада атқарып жатқан адал еңбегіңіз үшін алғысымды білдіремін, - деді А. Көлгінов.

Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры Бауыржан Мырзакеров биыл Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылғанына 28 жыл толғанын айтты.

- Мемлекет мүддесін, азаматтардың конституциялық құқығын қорғау біздің басты міндетіміз. Әріптестерімді мерекесімен құттықтай отырып, еліміздің игілігі үшін еңбек атқаруда тек табыс тілеймін, - деп атап өтті ол.


Бөлісу:
Елорда әкімі прокурорларды кәсіби мерекесімен құттықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар