Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 220

«Цунамиді» сұлатып салды

<p style="text-align: justify;">Бірінші орта салмақта жұдырық&shy;тасатын қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов Канаданың Мон&shy;реаль қаласында өткен бокс кешін&shy;де кезекті жекпе-жегін өткізіп, қар&shy;сы&shy;ласын сұлатып салды.</p>

«Цунамиді» сұлатып салды

Давид Лемье (40-4, 34КО) мен Макс Бурсак (35-5-2, 16КО)  андеркартында шаршы алаңға шыққан WBC нұсқасы бо­йынша жастар арасындағы әлем чемпионы кәсіпқой бокс әлемінде «Цунами» ла­қап атымен танымал аргентиналық Хосе Ан­тонио Вильялобоспен (12-5-2, 7КО) жұ­ды­­рықтасып, жетінші раундта нокаутқа жіберді.

10 раундқа жоспарланған айқаста отандасымыз бірінші раундтан бастап басымдыққа ие болып, қарсыласын соққының астына алды. Аргентиналық боксшы алты раунд шы­дап баққанымен, жетінші раундта ауыр соққыдан кейін орнынан тұра алмады. Нокаут!

Осылайша Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы 11 жекпе-жегін де жеңіспен аяқ­тады. Ол бұған дейін он қарсыласынан басым түскен болатын.

Бөлісу:
«Цунамиді» сұлатып салды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар