Парламент
1 мин оқу 200

Қазақстан мен Ресей сенаторлары өзара іс-қимылдың басым бағыттарын анықтады

<p style="text-align: justify;">Қазан қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы &nbsp;Федерация Кеңесі Халықаралық істер жөніндегі комитетінің және Қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің бірлескен отырысы болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Қазақстан мен Ресей сенаторлары өзара іс-қимылдың басым бағыттарын анықтады

Отырысқа қатысушылар Орталық Азия аймағындағы қазіргі жағдайды, атап айтқанда халықаралық парламенттік ұйымдардағы жұмысты үйлестіруді, Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу бекеттеріндегі инфрақұрылымды дамытуды, Жайық өзенінің экожүйесін сақтау мәселелерін, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды талқылады.

Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед өз сөзінде Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары аймақтық ынтымақтастықтың негізгі басымдықтары мен өзара қарым-қатынастың барлық бағыттарындағы әріптестікті кеңейту жоспарларын белгіленгенін атап өтті.

Сенатор аймақтағы көрші елдермен жан-жақты және өзара тиімді байланыстарды дамыту Қазақстанның сыртқы саясатының басымдығы болып табылатынын, таяуда екі мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің қатысуымен Омбы қаласында өткен өткен форумның қорытындысы оған дәлел екенін атап өтті.

Комитет басшысы сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері өзара құрмет пен сенім қағидаттарына негізделген тығыз тату көршілік қарым-қатынастарын қалыптастыруға ұмтылу мен өңірдегі өзекті мәселелерді шешуде бірлескен күш-жігерді үйлестіруді белгілегенін атап өтті.

Бірлескен отырысқа Қазақстан тарапынан сенаторлар Төлеубек Мұқашев, Қайрат Қожамжаров, Талғат Мұсабаев, Дана Нұржігітова және Нұржан Нұрсипатов қатысты.

79

Бөлісу:
Қазақстан мен Ресей сенаторлары өзара іс-қимылдың басым бағыттарын анықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар