Аймақтар
2 мин оқу 432

Рухани рәуіштегі тарту

<p style="text-align: justify;">Лев Толстой атындағы об&shy;лыс&shy;тық әмбебап және ғы&shy;лы&shy;&shy;ми кітапханада көпжыл&shy;&shy;дан бері жарасымды дәс&shy;&shy;түрлер қалыптасқан. Оқыр&shy;&shy;мандардың құнды және көне кітап&shy;тарды тапсы&shy;руы дәстүрге айналып қа&shy;на қоймай, кітап&shy;хана сө&shy;ре&shy;сін байыта түсетін. Бірақ бұл жолы білім отауының есі&shy;гін ашқан Гүл&shy;әмір Сән&shy;темі&shy;рованың жаса&shy;ған қада&shy;мы тым ерекше әрі таңға&shy;лар&shy;лық еді.</p>

Рухани рәуіштегі тарту

 – Иә, Гүләмір Ерденқызы кі­тап­­хана басшылығына кір­генде оған тосырқай қа­раға­нымыз рас. Ал ол кісі әңгіме бастағанда, тіп­ті та­ңыр­қадық. Өйткені Гүләмір апамыз 500 мың тең­геге кітапханаға кітап алып беретінін айтты. «Оқырман үшін бү­гінде қандай кітап­тар өзекті, қандай кі­таптар керек, соны айтыңыздар әрі оны өздеріңіз табыңыздар. Мен қаржысын төлеймін» дегенде абдырап қалдық, – дейді кітап­хана директорының орынбасары Гүлмира Шоқа­нова.

Кітапхана қызметкерлері алдымен оқырмандар сұра­нысын мұқият зерттеп, кітап атаулары мен автор­лардың тізімін жаса­ды. Олардың қа­тарына қа­зақ әде­биеті клас­­сикте­рінің, қазіргі таны­мал жазушы­лар­дың шығар­ма­лары, аудар­малар, психология сала­сын­дағы сұранысқа ие сирек басылымдар кірді. Олар Гүләмір Ерденқызының қа­тысуымен кітап дүкенінен осы кітаптарды сатып алды. Демеуші осы жолы ғана 300 мың тең­генің сыртында қар­жы шығарыпты.

Нұр-Сұлтан қаласында тұ­ра­тын Гүләмір Сәнтемірова не­ге мұндай қадамға барғанын кітап­хана қызмет­керлеріне шешіле айтып беріпті. Биыл әкесі Ерден Жалмұхамбетұлы Сән­теміровтің туғанына 100 жыл толыпты. Ол Қостанай облысындағы Сары­көл ауда­нының тумасы екен. Қара­пайым жан туған жерде ең­бек етеді, балаларын өсіреді. Гүл­әмір әкесінің туға­нына бір ғасыр толғанын қалай да атап өткісі келеді. Бірақ ат шап­тырып, шашылып ас бер­мепті. Ойлана келе әкесін еске алудың ең дұрыс жолы ту­ған жерде бір пайдалы ак­ция жасау деп шешіпті. Әкесінің «кітап оқыңдар, бала­ларым!» дейтін сөзі есінен шықпайтын.

Сыйға тартылған кітаптар кі­тап­­хананың абонементтер бөлі­міндегі арнайы бір сөре­ге орна­ластырыл­ды.Оқыр­­­­мандар қы­зықтап, керек кітаптарын алып жатыр. Бү­гінгі ұр­пақты Ерден атай­­дың аруағы жебегендей, әке алдындағы өзінің бір парызы орындалғандай Гүләмір Ерден­қызы да қайы­рымды ісінен рухани байы­ған­дай болып  кетті.

ҚОСТАНАЙ

Бөлісу:
Рухани рәуіштегі тарту · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар