Президент «Егемен» көтерген мәселе бойынша тапсырма берді
<p style="text-align: justify;">Президент Қ.Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде 10 желтоқсан күні жарық көрген <a href="https://egemen.kz/article/215356-temir-dgoldy-dgaghalap-top-bala-dgur">«Темір жолды жағалап топ бала жүр»</a> мақаласында көтерілген мәселені шешуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter парақшасында <a href="https://twitter.com/TokayevKZ/status/1204775721790513152">жазды</a>. Мақалада Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл кентінің жаңа ауданында тұратын 360 оқушы сабаққа келу үшін күнде 13 рельсті кесіп өтетіні айтылған еді. </p>

«Egemen Qazaqstan» газетіндегі «Темір жолды жағалап топ бала жүр» атты мақаладан Сексеуіл кентінде 360 бала күнделікті мектепке бару үшін 13 рельсті кесіп өтетінін оқыдым. Бұл – өте өзекті мәселе. Оны шешу үшін Үкімет нақты шаралар қабылдауы қажет» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.
