Аймақтар
1 мин оқу 420

ҚАЖ қызметкерлері тарихи мұражайға барды

<p style="text-align: justify;">Елбасы мақаласында әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосуға міндетті деген болатын.&nbsp;</p>

ҚАЖ қызметкерлері тарихи мұражайға барды

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің  ұйымдастыруымен  жас қызметкерлерге  тәр­бие беру, олардың бойы­на ұлт­тық құндылықтарды сіңіру  мақсатында Сырдарияның сол жағалауында орналасқан «Рухани жаңғыру» орталығының екінші бөлігінде орналасқан Қызылорда қаласының тарихи мұражайына экскурсия жасады. Өткені мен бүгінінен сыр шертетін орталықтың мұражайында 500-ден астам экспонаттар  қойылған. Жас қызметкерлер Қызылорда қаласының тарихына мен Алаш партиясының құрылуы, Қызылорда қаласының Астана болған 1925-1929 жылдардағы және Қызылорда қаласының 1938-1990 жылдардағы әлеуметтік – экономикалық дамуын  қамтитын,  Тәуелсіздік жылдарында атты үш залды аралап, мұражай қызметкерлерінен  Қызылорда қаласы туралы толық мағұлмат алды.

Елбасымыз «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты мақа­ла­сы жастарымызға  рухани азық болатын маңызы терең, ауқымы зор , өнегесі мол айтулы дүние. Қаламыздың өткені мен бүгінінен шыр шертетін мәдени – тарихи мұраларымен танысқан мекеме  қызметкерлері  Мұражай мамандарына  ризашылықтарын білдірді. 

1

Бөлісу:
ҚАЖ қызметкерлері тарихи мұражайға барды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар