Хоккей
1 мин оқу 160

Апта үздігі атанды

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) арнайы комиссиясы 13-ші ап&shy;таны қорытындылап, өткен же&shy;&shy;ті күнде үздік ойынымен көзге түскен ойыншылардың есімін атады. Олардың қатарында &laquo;Барыс&raquo; ойыншысы да бар.</p>

Апта үздігі атанды

Елорда командасының хоккейшісі Роман Старченко аптаның үздік шабуылшысы атанды. Ол командамен бірге сырт алаңдағы үш ойынның екеуінде жеңіске жетіп, төрт шайба соқты. Бұл осы ап­тадағы ең үздік нәтиже. Қазақстандық клуб ойыншысы аптадағы барлық ойында гол соғып, «Сочи» қақпасына дубль жасады.

Сонымен қатар «Куньлунь Ред Стар» клубының қақпашысы Шимон Грубец, «Йокерит» командасының қорғаушысы Микко Лехтонен өткен аптаның үздігі атан­ды. Ал «Витязь» қорғаушысы Данилл Пыленков «апта жаңалығы» сый­лығын иеленді.

Бөлісу:
Апта үздігі атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар