Қоғам
1 мин оқу 203

Атыраулық дәрігерлер Алматыда БЦСА балалардың жұлынына бірегей ота жасады

<p style="text-align: justify;">БЦСА (балалар церебрал сал ауруы) дертіне шалдыққан бес атыраулық балаға ота жасалуын және олардың әрі қарай оңалуын "Милосердие" қайырымдылық қоры ұйымдастырды.&nbsp;</p>

Атыраулық дәрігерлер Алматыда БЦСА балалардың жұлынына бірегей ота жасады

Израилден шақырылған нейрохирург Алматыдағы клиникалардың бірінде қазақстандық әріптестеріне шеберлік сыныбын өткізді. 8 бен 15 жас аралығындағы балалардың жұлынына ота жасалды. Ота барысында израилдік дәрігердің ассистенті – Атырау облыстық балалар ауруханасының нейрохирургы – Арипов Шадиор болды. Әр отаның ұзақтығы сегіз сағатқа дейін созылды.

- Барлық оталар сәтті өтті. Отадан соңғы оңалу жеті күнге созылды. 9 желтоқсанда біз Атырауға қайттық, - деді  Шадиор Арипов.

Балалар облыстық балалар ауруханасы базасында қалыпқа келу емі кезеңінен өтетін болады. Жергілікті дәрігерлерге алматылық мамандар – "АРДИ" оңалту орталығының дәрігерлері жәрдемдеседі. Олар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлерін бірегей емдік денешынықтыру әдістеріне үйретеді.

АТЫРАУ

Бөлісу: