Жаңалықтар
1 мин оқу 281

Юлия Галышева әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды

<p style="text-align: justify;">Қытайдың Тайву қаласында фристайл-могулдан әлем&nbsp;кубогының екінші кезеңі басталды. Аталған сында қазақстандық Юлия Галышева күміс медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.</p>

Юлия Галышева әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды

Галышева 79,8 ұпай жинап, әлем кубогының күмісін еншіледі. Ол Олимпиада чемпионы Перрин Лаффоннан (81,4) оза алмады. Үздік үштікке канадалық Жюстин Дюфур-Лапуант енген. Ерлер арасында қазақстандық Дмитрий Рейхерд 6-орыннан көрінді. Бәсекеде жапониялық Икума Хоришима (86,9) жеңіске жетсе, канадалық Микаэл Кингсбери (86,3) күміске қол жеткізді. Қола медальді франциялық Бенжамен Каве (83,3) иеленді. 

Бөлісу:
Юлия Галышева әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар