Аймақтар
1 мин оқу 182

Алматы облысында ауыл тұрғынынан марихуана тәркіленді

<p style="text-align: justify;">Алматы облыстық Полиция департаменті Есірткіге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері мен Көксу аудандық полиция қызметкерлері Қаратал ауылының тұрғынын ұстады.</p>

Алматы облысында ауыл тұрғынынан марихуана тәркіленді

25 жастағы азамат ұзақ уақыт бойына есірткі саудасымен айналысқан екен. Тінту нәтижесінде тұрғынның үйінен 33 грамм марихуана және отқару мен оқ-дәрі табылды.

- Табылған аңшы қаруының есептік нөмірі қолмен өшірілген. Үй иесі қаруды және елуден астам оқты мұздатқышқа мұқият орап жасырыпты. Сұрақ-жауап кезінде қаруды қайдан алғанын түсіндіре алмады. Қазір оған есірткі саудасымен айналысу және суық қаруды заңсыз сақтау баптары бойынша айып тағылды, - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Алматы облысы

Бөлісу: