Парламент
1 мин оқу 320

Еңбегімен ерекшеленгендерге лайықты құрмет

<p style="text-align: justify;">Мәжілісте Президент Жарлығымен мемлекеттік марапаттарды тапсыру рәсімі өтті. Палата Төр&shy;ағасы Нұрлан Нығматулин Мемлекет басшысының атынан депутаттарға және аппарат қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды тапсырды.</p>

Еңбегімен ерекшеленгендерге лайықты құрмет

Тәуелсіздік табыстарына депутаттық корпустың да қосқан үлесі зор. Мемлекеттік және қоғамдық қызметі үшін, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Мәжіліс депутаттары Асқар Базарбаев пен Глеб Щегельский «Парасат» ор­деніне, Мәжіліс аппараты басшысының орынбасары  Дар­хан Медеубай «Құрмет» орде­ніне ие болды. Ал «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік меда­лі Мәжіліс депутаттары Иван Клименкоға, Мансурхан Махам­бетовке, Тарас Хитуовқа, Петр Шарапаевқа табыс етілді. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы аппарат қызметкерлері Асқар Жа­қы­повқа, Марат Садықовқа және Айнаш Тәшімоваға берілді. Мә­жіліс Төрағасы сон­дай-ақ Мә­жіліс депутаттарына ТМД Пар­ламентаралық Ассам­бле­я­сының және ЕҚЫҰ Парламенттік Ас­самблеясының наградаларын табыс етті, деп хабарлады Пар­ламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Еңбегімен ерекшеленгендерге лайықты құрмет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар