Руханият
1 мин оқу 162

Алматылық қарияларға арналған кеш өтті

<p style="text-align: justify;">Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласындағы жалғыз&nbsp; басты зейнеткерлер, мүгедектер, зейнет жасындағы отбасыларға арналған &laquo;Қамқор&raquo; Әлеуметтік тұрғын үйінде &laquo;Алатау&raquo; дәстүрлі өнер театрының мүгедектерге мәдени қызмет көрсету мәдениет үйінің,&nbsp; Федор Зражевский жетекшілік ететін &laquo;Қаламқас&raquo; вокальды ансамблі қарттар назарына арнайы концерт ұсынды.</p>

Алматылық қарияларға арналған кеш өтті

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың баспасөз қызметі мәліметтері бойынша, қазақ халқы үшін теңдесі жоқ қасиетті де қастерлі мерекеде ақыл-парасаты жарасқан қазына-қарттарымыз  «Одуванчик» - Любовь Тарасова, «На посошок» - Генадий Демин, «Баллада о седых» - Вера Сотниченко,  «Бейбіт күн тілегі» - Алма Бейсенбаева, «Перекати поле» - Марфа Глущенко, «Снег седины» - Батана Колесникова, «Вальс победы»,  «Мой город», «Вальс ветеранов», т.б. әндерді тыңдап, ерекше көңіл-күйге бөленді.

Кеш соңында қариялар қосыла ән шырқады. Ақсақалды аталар мен ақ жаулықты әжелер әншілерге өздерінің жылы лебіздерін жолдап, алғыстарын білдірді.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Алматылық қарияларға арналған кеш өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар