Аймақтар
1 мин оқу 574

Орал қаласында жаңа зауыт ашылды

<p style="text-align: justify;">Орал қаласында тәуелсіздік күні қарсаңында кабелді өткізгіш өнімдерін шығаратын &laquo;Орал Кабель&raquo; ЖШС зауыты іске қосылды. Зауыт өнімдері негізінен Қазақстанның ішкі сұранысын қамтиды. Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеевтің айтуынша, болашақта бұл өнімдер Ресейдің көршілес өңірлеріне экспортталуы мүмкін.</p>

Орал қаласында жаңа зауыт ашылды

Жекелеген тұрғындардың үй-жай құрылысына да, өнеркәсіптік мақсатқа да пайдалануға болатын әмбебап кабель өнімдері қауіпсіздігімен, отқа жанбайтын қасиетімен ерекшеленеді. «Орал Кабель» ЖШС-ның құрылтайшысы Роберт Ирменовтің айтуынша, зауыт италияндық ең заманауи қондырғылармен жабдықталған, әрі экологиялық қауіпсіз өнім шығарады.

- Біз жергілікті бизнес өкілдерінің өңдеу саласына бет бұра бастағанына қуаныштымыз. Бүгін іске қосылып отырған зауыт – Батыс Қазақстан облысында бұл сала бойынша бірегей кәсіпорын. Сондықтан жергілікті әкімдік зауытқа жан-жақты қолдау көрсетеді. Кәсіпорынның өнімдерін балабақшаларға, дәрігерлік мекемелерге, тұрғын үй құрылысына пайдалануға болады. Біз инвесторлармен сөйлесіп, зауытты одан әрі дамытуға, болашақта индустриалды салаға, мұнай-газ секторы нарығына шығуға шақырдық. Ең бастысы - «Орал Кабель» зауыты өнімдері халықаралық ASME сертификатына ие, бұл өз кезегінде кәсіпорынға Қарашығанақ, Қашаған, Теңіз кен орындарындағы шетелдік альянстардың тендеріне қатысуға мүмкіндік береді, - деді зауыттың ашылу салтанатында Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев.

Айта кетейік, бұл жобаға инвесторлар тарапынан 3,4 млрд. теңге қаржы құйылған. Зауытта 40-50 адам қызмет етеді.

 Суретті түсірген Мейірбек ТӘЖҚҰРАНОВ

 Батыс Қазақстан

Бөлісу:
Орал қаласында жаңа зауыт ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар