Қазақстан
2 мин оқу 350

Маңғыстаулық кәсіпкерлер 5 жүлдені иеленді

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласында &laquo;ЭКСПО&raquo; конгресс-орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің &laquo;Алтын сапа&raquo; сыйлығының жеңімпаз-лауреаттарын және &laquo;Қазақстанның үздік тауары&raquo; республикалық байқау-көрмесінің дипломанттарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы &laquo;Атамекен&raquo; кәсіпкерлер палатасы Маңғыстау облыстық филиалы&nbsp; баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Маңғыстаулық кәсіпкерлер 5 жүлдені иеленді

Іс-шараға Президент Қ.Тоқаев және еліміздің басқа да жоғары лауазымды тұлғалары қатысты.

«Алтын сапа» байқауының «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымы бойынша жүлдесін «Caspian Enginееring & Research» ЖШС жеңді.

«Қазақстанның үздік тауары» байқауының «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымының жеңімпазы - «Шыны талшықты құбырлар зауыты» ЖШС болып табылса, «Алтын оймақ» байқауының «Ұлттық нақыштағы аксесуарлардың үздік дизайны» жүлдесі - Жаңаөзендік «ҚАЗАҚ» брендіне бұйырды.

«Парыз» жүлдесінің «Еңбек қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» аталымы бойынша жеңімпаз – «KAZ M-1» ЖШС атанса, «Парыз» жүлдесінің «Еңбек қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» аталымы бойынша жүлдені «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС жеңіп алды.

Қазақстан Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иемдену үшін байқау мен «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесі ҚР Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс туралы» Жарлығымен жеке өндірісті дамыту және тауарлар мен қызметтердің сапасын үздіксіз жақсарту мақсатында құрылды.

Байқау «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»; «Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын»; «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын»; «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» сынды төрт аталым бойынша өткізілді.

Әр аталымда шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері санаттары бойынша үш сыйлықтан беріледі. Жыл сайын еліміздің 200-ден астам кәсіпорны «Алтын сапаның» үміткері болады.

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесі үш номинация бойынша өткізілді: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»; «Халыққа арналған үздік тауарлар»; «Үздік азық-түлік тауарлары».

Байқаулардың лауреаттары мен дипломанттары төрт жыл бойы байқау эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығын алды.

Бөлісу: