Парламент
1 мин оқу 370

Сенатта теміржол көлігі мәселелері қаралды

<p style="text-align: justify;">Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында &laquo;Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы&raquo; заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Сенатта теміржол көлігі мәселелері қаралды

Заң жобасы Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 30-тармағын іске асыру мақсатында әзірленген және тариф жасауды жетілдіруге және ашықтығын арттыруға, кірме жолдардағы көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ транзиттік тасымал процестерін реттеуге бағытталған.

Құжатпен бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Заң жобасымен Қазақстан Республикасындағы теміржол көлігі туралы заңнаманың талаптарын бұзушылықтардың құрамында бағыттаушы бұрмалар мен өткелдерді күтіп-ұстағаны үшін жауапкершілік; кірме жолдардағы реттеліп көрсетілетін қызметті көрсету үшін пайдаланылатын мүлік мәмілелерін жасау кезіндегі табиғи монополия субъектісінің табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның келісімін алу міндеттемесі; магистралдық желіде қызмет көрсету жөніндегі Ұлттық инфрақұрылым операторының жолаушыларды тасымалдаушыға көрсеткен қызметтеріне қосылған құн салығын есепке жазу және жатқызу тәртібі регламенттеледі.

Құжат Палата қарауына берілді.

Бөлісу:
Сенатта теміржол көлігі мәселелері қаралды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар