Президент
1 мин оқу 230

Президент Мұхтар Тілеубердіні қабылдады

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Сыртқы істер министрі Мемлекет басшысына АҚШ-қа жасаған ресми сапарының негізгі нәтижелері мен биылғы 15-16 желтоқсанда Мадридте өткен &laquo;Азия-Еуропа&raquo; Сыртқы істер министрлері форумының 14-кеңесіне қатысқаны жөнінде баяндады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.</span></p>

Президент Мұхтар Тілеубердіні қабылдады

Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, келіссөз барысында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Америка Құрама Штаттарының Қазақстанды өңірдегі сенімді серіктесі әрі өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі негізгі әріптесі санайтынын айтты.

«Азия-Еуропа» форумының қатысушылары Азия мен Еуропа елдерін байланыстыратын және көлік жолдарын дамытуға ықпал ететін Қазақстанның транзиттік әлеуетін жоғары бағалады.   

2020 жылға арналған халықаралық күн тәртібін талқылау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы басым бағыттар жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. 

Бөлісу:
Президент Мұхтар Тілеубердіні қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар