Үкімет
1 мин оқу 1,590

Жаңа әкімді таныстырды

<p style="text-align: justify;">Үкімет басшысы Асқар Мамин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың М.Досмұхамбетовті өңір әкімі лауазымына ұсынған кандидатурасына қолдау білдірген Атырау облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысты.</p>

Жаңа әкімді таныстырды

Атырау облысының активіне жаңа әкімді таныстыра отырып, Премьер-Министр оның үлкен өндірістік тәжірибесі мен біліктілігінің мол екенін атап өтті.

«Жаңа әкімнің алдына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша маңызды міндеттер қойылды. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемел­ұлы Тоқаев Атырау облысы­ның дамуына ерекше көңіл бөліп отыр, Махамбет Жолдасғали­ұлының зор сенімді ақтайтынына сенемін», деді А. Мамин.

Премьер-Министр бұрынғы әкім Нұрлан Ноғаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, жаңа қызметінде табыс тіледі, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Жаңа әкімді таныстырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар