Аймақтар
1 мин оқу 710

Маңғыстауда мал ұрлағандар ұсталды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Бейнеу-Шетпе&raquo; трассасында &laquo;Газ-30232-244&raquo; маркалы автокөлікпен ешқандай құжаттары жоқ бауыздалған 3 бас жылқыны Ақтау қаласына алып бара жатқан жерінен Маңғыстау ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлерімен тоқтатылған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Маңғыстауда мал ұрлағандар ұсталды

Бейнеу АПБ қызметкерлері жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде аталған 3 бас жылқының иесі Боранқұл селосының тұрғыны екендігі анықталды.

Кейіннен белгілі болғандай, Боранқұл селосынан 30 шақырым жерде белгісіз біреулер өрісте жүрген 2 бас биесін және 1 бас айғырын мылтық қаруымен атып, содан соң атып алған 3 бас жылқыны сойып, белгісіз автокөлікке тиеп ұрлап кеткен. Келтірілген шығын сомасы – 1 350 000 теңге.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен СДТБТ-не тіркеліп, жан-жақты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдікті уақытша қамау абақтысында.

Бөлісу:
Маңғыстауда мал ұрлағандар ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар