Аймақтар
1 мин оқу 263

Экология талабын бұзғандар жауапқа тартылды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданы прокуратурасы жерді заңсыз қазған және тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төккен оқиғаларды анықтап, кінәлілерді жауапқа тартты&raquo;, деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.</p>

Экология талабын бұзғандар жауапқа тартылды

Оқиға былай болған. Жаңақала ауылы маңында бір серіктестік арнайы рұқсатсыз 210 текше метр болатын топырақты қазып алған. Экология департаменті маманының қорытындысы бойынша, осы әрекеттің нә­тижесінде Экологиялық кодекстің 12-бабы­ның талабы бұзылып, 950 мың теңге за­лал келтірілген.

Про­курорлық қадағалау актісі негізін­де уәкілетті орган «жер қойнауына мем­ле­кет­тiк меншiк құқығын бұзғаны» үшін әлгі ЖШС-не Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 139-бабына сәйкес 631 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Қоршаған ортаға келтірілген залалдың құны мемлекет пайдасына толық өндірілген.

Сонымен қатар Жаңақалада тұр­мыс­­тық қалдықтарға арналған полигон эко­ло­гия­лық заңнаманың талапта­ры­на сәйкес келмейтіні анықталған. Сөйтіп Жаңақала ауылдық округі әкі­мі­нің аппараты мекемесі мен Жаңа­қа­ла ауылдық округінің әкімі А.Г.Ахме­тов «жерді бүлдіріп, өндіріс және тұ­тыну қалдықтарымен жұмыс істеу­ге, сарқынды суды ағызуға қойылатын талап­тарды бұзғаны» үшін Әкімшілік құ­қық бұзушылық туралы кодекстің 337 және 344-баптары бойынша жауапкершілікке тар­тыл­ған. «Нәтижесінде әкім аппараты 63 мың теңге, ауыл әкімінің өзі 25 мың теңге көлемінде айыппұл төледі» деп хабарлайды прокуратура органы.

Батыс Қазақстан облысы

Бөлісу: