Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 574

Қаңтарда жекпе-жек өткізеді

<p style="text-align: justify;">Жартылай орта салмақта жұдырық&shy;тасатын қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (17-0, 13 КО) келесі жекпе-жегінің мерзімі белгілі болды.</p>

Қаңтарда жекпе-жек өткізеді

BoxRec мәліметінше, WBA Continental және IBF Inter-Continental белдігінің иегері Жүкембаев шаршы алаңға 2020 жылдың 25 қаңтарында оралады. Бокс кеші Канаданың Монреаль қаласын өтеді. Қарсылас әзірге белгісіз.

Отандасымыз соңғы жекпе-жегін осы жылдың қыркүйек айында өткізіп, әлемнің экс-чемпионы, орта салмақтағы әйгілі мек­сикалық Сауль Алварестің қарсыласы бол­ған Мигель Васкесті (41-8, 15 КО) төрешілер шешімімен жеңген еді. Сондай-ақ сол айқаста қандасымыз WBA Continental және IBF Inter-Continental титулын иеленген-ді.

Бөлісу:
Қаңтарда жекпе-жек өткізеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар