Президент
1 мин оқу 150

Бірқатар маңызды шешім қабылданды

<p style="text-align: justify;">Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты, деп хабарлады Тұңғыш Президент &ndash; Елбасының баспасөз қызметі.</p>

Бірқатар маңызды шешім қабылданды

ЖЕЭК отырысы барысында Еуразия­лық экономикалық одақ аясындағы мемлекет­аралық ынтымақтастықтың басты мәселелері талқыланды.

Басқосуда ұйым жұмысының аралық қорытындылары жасалып, тараптар ал­дағы жылдардағы интеграциялық қарым-қатынас­тың перспективалары туралы пікір алмасты.

Жиында Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президентіне ұйымның құрылуы мен нығаюына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

– Мен осы қауымдастықты құруға баста­ма­шы болған Жоғары Еуразиялық эконо­ми­­калық кеңестің Құрметті төрағасына риза­шылығымды білдіргім келеді. ЕАЭО жақ­сы жұмыс атқарып келеді. Біз Сізді Санкт-Петербургте жаңа мәртебеде қарсы алғаны­мыз­ға қуаныштымыз, – деді Ресей Президенті.

Шағын және кеңейтілген құрамдағы кез­десулердің қорытындылары бойынша Кеңес мүшелері экономикалық интеграцияны одан әрі тереңдету үшін бірқатар маңызды шешімдер қабылдады.

Бөлісу: