Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 420

Қос боксшы жеңісімен қуантты

<p style="text-align: justify;">Өткен сенбі күні кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген Данияр Елеусінов пен Айдос Ербосынұлы кезекті рейтинг&shy;тік жекпе-жектерін өткізіп, қар&shy;сы&shy;лас&shy;тарын айқын басымдықпен жеңді.</p>

Қос боксшы жеңісімен қуантты

Жартылай орта салмақта жұдырық­та­сатын Данияр Елеусінов АҚШ-тың Аризона штатындағы Финикс қаласында өткен кәсіп­қой бокс кешінде шаршы алаң­ға көте­рі­ліп, америкалық боксшы Алан Сан­честен тех­ника­лық нокаутпен басым түсті. 10 раундқа жоспарланған кезде­судің төртінші раундында Санчес сол көзінен жарақат алған соң, дәрігерлер оған жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат бермеді. Осылайша отандасымыз кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді.

Ал Ресейдің Красноярск қаласында жекпе-жек өткізген екінші орта салмақтағы қандасымыз Айдос Ербосынұлы вене­суэла­лық Омар Гарсиямен жұдырықтасып, сегізінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұл отандасымыздың кәсіпқой бостағы 13-ші жеңісі. Сондай-ақ Айдостың еншісінде WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Сontinental белдігі бар.

Бөлісу:
Қос боксшы жеңісімен қуантты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар