Қоғам
2 мин оқу 321

5 миллионыншы жолаушы

<p style="text-align: justify;">Жуырда Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 5 миллионыншы жолаушыны қарсы алды. Павлодар қаласынан &laquo;Fly Arystan&raquo; авиакомпаниясының KC7312 рейсімен алғаш рет ұшаққа отырып, ұшып келген Зейнеп Нұрғазина мерейтойлы билеттің иесі атанды. Зейнеп Бейсенбекқызы бүгінде Павлодар қаласындағы балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейді.</p>

5 миллионыншы жолаушы

5 миллионыншы жолаушының есімі есептеу жолымен анықталған. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы басқармасының төрағасы Рәділбек Әдимолда жеңімпазға әуежай атынан бағалы сыйлық табыс етіп, жиналғандарды әуежай­дың жетістігімен таныстыр­ды. Нұр-Сұлтан қаласына немере­лері­мен ұшып келген Зейнеп Бей­сенбекқызына әуежай атынан жол шабаданы, «Fly Arystan» авиакомпаниясы атынан кез келген бағыт бойынша ұшуға сертификат берілді.

Бұл биылғы жаңадан ашылған ішкі және халықаралық әуе ба­ғыттары арқылы жүзеге асып отыр, оның ішінде Прага, Ұлан-Батор, Токио және «S7 Airlines» жаңа авиа­компаниясының бағыт­тары бар.

Ішкі бағыттар бойынша жо­лау­шылар ағынының ұлғаюы «FlyArystan» жаңа авиаком­пания­сының Алматы, Шымкент, Тараз, Семей, Павлодар, Қостанай және Мәскеуге рейстер ашуы нәти­же­сінде жүзеге асып отыр. 

2019 жылғы 11 айдағы көр­сеткіш бойынша, жолаушылар ағыны 4,7 млн жолаушыға жеткен. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен са­лыстырғанда 9,2 %-ға көп. Ал ұшу бағыты бойынша рейстер саны 19 мыңнан асып, 2018 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 3,7 %-ға ұлғайды.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы – Орталық Азия өңірінің ең заманауи әуежайларының бірі болып саналады, оның тарихы 1931 жылдан бастау алады. 2017 жылдың 5 маусымынан бастап халықаралық әуе қатынасы рейстеріне қызмет көрсететін Т1 терминалы пайда­ла­нуға берілді. Сондай-ақ Т2 терминалы – ішкі бағыттарға қызмет көрсетуге арналған.

 Нұрсұлтан Назарбаев халық­аралық әуежайы – тәулігіне 200-ге дейін рейс қабылдап, шығарып салады, 14 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді. 2018 жылы 30 мың рейске қызмет көрсетіліп, жолаушылар ағыны 4,5 млн-нан  астам жолаушыны құрады.

Қазіргі уақытта елорда әуежайы Халықаралық азаматтық авиация қауымдастығының IIIA санатына ие, сондай-ақ ұшу массасы шектелмей, барлық үлгідегі әуе кемелерін қабылдайды және оларға қызмет көрсетеді.

Бөлісу:
5 миллионыншы жолаушы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар