Футбол
1 мин оқу 152

Жылды 118-орынмен аяқтады

<p style="text-align: justify;">Халықаралық футбол федера&shy;ция&shy;сының (ФИФА) ресми сайтында футболдан ұлттық құрамалардың желтоқсан айына арналған рейтингі жарияланды. Жаңартылған тізімде Қазақстан жылды 118-орынмен түйін&shy;деді. Ұлттық құрама қоржы&shy;нын&shy;да 1155 ұпай бар.</p>

Жылды 118-орынмен аяқтады

Өзге құрамалармен салыстырар болсақ, Фарер аралдары (110-орын), Мозамбик (105), Мавритания (100), Кипр (95), Мадагаскар (91), Өзбекстан (85), Кюрасао (80) секілді елдер бізден жоғары орынға жайғасқан. Ал рейтингтің көшін 1765 ұпаймен Бельгия құрамасы бастап тұр. Былтырғы әлем чемпиондары – Франция (1733) екінші, Америка кубогының иегері Бразилия (1712) үздік үштікті қорытындылап тұр.

Қазақстан құрамасы 2019 жылы Еуро-2020 іріктеу кезеңіне қатысып, алты елдің ішінде 5-орын иеленді. Михал Билектің шәкірт­тері үш рет жеңіске жетіп, бір рет тең түсті. Сон­дай-ақ алты ойында жеңіліс­­тің кермек дәмін татты. 10 ойында 10 ұпай жинаған отандастарымыз қарсылас құраманың қақ­пасына 13 гол соғып, қақпамызға 17 гол өткізіп алды.

Бөлісу:
Жылды 118-орынмен аяқтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар