Хоккей
1 мин оқу 150

Жеңісті жолын жалғастыра алмады

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) сынға түсіп жатқан елорданың &laquo;Ба&shy;рыс&raquo; клубы Мәскеудің &laquo;Спартак&raquo; ко&shy;ман&shy;дасынан жеңіліп қалды.</p>

Жеңісті жолын жалғастыра алмады

«Барыс» ойыншылары осыдан бірер күн бұрын Мәскеу облысының «Витязь» клубынан 5:2 есебімен басым түскенімен, жексенбі күні ҚХЛ-дің «Батыс» конференциясында 5-орында келе жатқан «Спартак» командасына 3:1 нәтижесімен есе жіберді. Бірінші кезеңде айдын иелерінен Илья Зубов мергендігімен көзге түссе, екінші кезеңде Ар­тем Федоров есепті 2:0-ге жеткізді. Екін­­ші 20 минутта «Барыс» сапынан Арка­дий Шестаков таблодағы көрсеткішті бір шайбаға қысқартқанымен, үшінші ке­зеңде «Спартак» ойыншысы Александр Хохлачев командасының үшінші голын соғып, матчтың нүктесін қойды. Осылайша төрт ойынға созылған «Барыстың» жеңісті жолын «Спартак» кесті.

Елорда командасы келесі кездесуін 25 желтоқсанда Санкт-Петербургтің СКА клу­бына қарсы өткізеді. Матч Нұр-Сұл­тан қала­сындағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді.

Бөлісу:
Жеңісті жолын жалғастыра алмады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар