Президент
1 мин оқу 160
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, әзербайжан халқының игілігі жолында атқарып жатқан мемлекеттік қызметіне сәттілік тіледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, Қазақстанның екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға мүдделі екенін атап айтты.
Бөлісу: