Қоғам
1 мин оқу 210

Пойызда дүниеге келді

<p style="text-align: justify;">&laquo;Өскемен &ndash; Алматы&raquo; ба&shy;&shy;ғыты бойынша қа&shy;ты&shy;найтын №351 жолаушылар пойызында нәресте дүниеге келді. Виктория Марочкина бойы 46 см, ал салмағы 2,7 кило ұл баланы жа&shy;рық дүниеге әкелді.</p>

Пойызда дүниеге келді

Сапар барысында жолау­шы толғата бастаған соң, пойы­з басшысы жақын маңда ор­на­ласқан Жарма стансасына же­дел жәрдем шақыртты. Бірақ Виктория Марочкина стансаға жетпей, жолсеріктер мен пойыз­да жол жүріп келе жатқан дәрігердің көмегімен аман-есен босанды. Балаға Матвей деген есім беріліп, анасымен бірге Жармадағы перинаталды орталыққа жет­кізілді.

Ал нәрестенің әкесі Вале­ра телефон арқылы осы қуа­нышты жағдайға атсалысқан бар­ша азаматтарға өзінің шек­­­­сіз алғысын білдірді.

Ұлттық тасымалдаушы ана мен балаға зор денсаулық ті­­лейді.

Бөлісу:
Пойызда дүниеге келді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар