Президент
1 мин оқу 701

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгеріс жасады

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының өкімімен бірқатар кадрлық өзгеріс болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгеріс жасады

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Олег Александрович Смоляков Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды;

Мемлекет басшысының Өкімімен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды;

Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды;

Мария Жамаловна Хаджиева Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды;

Ақылжан Мәлікұлы Баймағамбетов Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды;

Әлия Мейірбекқызы Молдабекова Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды;

Мемлекет басшысының Өкімімен Ерлан Сапарұлы Оразбай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Бөлісу:
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгеріс жасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар