Парламент
1 мин оқу 170

Кез келген аймақта тіркеуге болады

<p style="text-align: justify;">Енді қазақстандықтар азаматтық хал актілерінің барлығын тұрғылықты тіркеу орнына қарамастан, кез келген жерден ала алады. Бұл туралы заңға енгізілген түзетулер Парламент Сенатында қабылданған заң жобасында қарастырылды.</p>

Кез келген аймақта тіркеуге болады

Жаңашылдық баланың тууына, некені тіркеу мен ажырасуға, аты-жөні мен тегін өзгертуге байланысты құжаттарды, сондай-ақ қайтыс болу құжаттарын тіркеу сияқты қызметтерді қамтиды. Еске салайық, бұрын азаматтар атал­ған мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұрғылықты тіркеу орны немесе тіркеу жазбасының ор­наласқ­ан жері бойынша мем­ле­кет­тік кор­по­рацияның фронт-офис­теріне немесе АХАТ бөлі­мі­не хабар­ласатын. Енді азаматтық хал акті­леріне қатысты 5 түрлі қыз­­мет­ті кез келген ХҚО-дан неме­се АХАТ-тан алуға болады. Бұл керек­ті құжаттарды аз уа­­қыт ішінде алуға және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмауға мүм­кіндік береді.

Бұрын құжаттарды рәсімдеп алу үшін өтініш беруші тіркеу орны бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе тіркеуші органға хабарласып, 5-тен 30 күнге дейін жауап кү­тетін, бұл қызмет алушылар үшін қолай­сыздық пен қосымша қағаз­бас­тылықты тудыратын.

Бөлісу: